ТЕХНОЛОГИЯ

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылады

Қазақстанда ескі көліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын утилизациялау бағдарламасын қайта іске қосу жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында техникасын өткізген азаматтарға жаңа отандық автокөлік немесе ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдік сертификаты ұсынылады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі уақытта бағдарламаны іске асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл даму» операторы ескі техниканы қабылдап, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды іріктеу процесін бастады.
 
Жаңа жүйе екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Алдымен қайта өңдеу кәсіпорындарымен тиісті келісімшарттар жасалады. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана техника иелерінен өтінім қабылдау басталады.
 
Қайта өңдеу кәсіпорындары анықталған соң «Жасыл даму» интернет-ресурсында техниканы қабылдау пункттерінің тізімі жарияланады. Сонымен қатар азаматтарға өтінім беруге және тиесілі жеңілдік мөлшерін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік беретін онлайн сервис іске қосылады.
 
Айта кетейік, Қазақстанда кәдеге жарату бағдарламасы 2016 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді. Осы кезеңде ел бойынша 219 мыңға жуық техника қайта өңдеуге қабылданған. Оның ішінде 215,4 мың автокөлік және 3,5 мың ауыл шаруашылығы техникасы бар.
 
Бағдарламаның қайта іске қосылуы ескі техниканы айналымнан шығаруға, оны қайта өңдеуді жүйелеуге және отандық көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына сұранысты ынталандыруға бағытталмақ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61