САЯСАТ
«Ақ жол» демократиялық партиясы Құрылтайға өткен алғашқы сайлаудың қорытындысына байланысты мәлімдеме жасап, сайлаушыларға қолдауы үшін алғыс білдірді. Партия өкілдері халықтың сенімі үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
«Ақ жол» демократиялық партиясы Құрылтайға өткен алғашқы сайлаудың қорытындысына байланысты азаматтарға үндеу жасады.
Партия мәлімдемесінде бұл сайлаудың Қазақстанның саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиғалардың бірі екені атап өтілді. Азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашақ бағытын айқындауға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Партия өкілдерінің айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстандағы ауқымды саяси өзгерістердің заңды жалғасы болды. Сайлау ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, саяси партияларға өз бағдарламаларын сайлаушыларға еркін таныстыруға мүмкіндік берілді.
«Ақ жол» партиясы сайлауалды науқанға тәжірибелі командасымен, жаңа идеяларымен және елдің болашағына бағытталған нақты жоспарларымен қатысқанын жеткізді.
Партия үшін сайлау нәтижесі тек сандық көрсеткіш емес. Оның артында «Ақ жолға» дауыс берген мыңдаған азаматтың үміті мен елдің келешегіне деген сенімі тұрғаны айтылды. Осыған байланысты партия сайлаушылар алдындағы жауапкершілікті толық сезінетінін мәлімдеді.
«Ақ жол» алдағы уақытта өз бағдарламасын қолдаған азаматтардың талап-тілектерін жүзеге асыруға күш салмақ. Партия әр азаматтың дауысы естіліп, еңбегі лайықты бағалануына, кәсіпкерліктің дамуына және отбасылардың болашаққа сеніммен қарауына жағдай жасау бағытында жұмыс жүргізетінін атап өтті.
Сонымен қатар партия экономиканы нығайту, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне басымдық беретінін жеткізді.
Партия өкілдері өздеріне сенім білдіріп, дауыс берген барлық азаматқа алғыс айтты. Олардың пікірінше, әрбір дауыс – ел тағдырына деген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Айта кетейік, Құрылтайдың алғашқы сайлауы Қазақстанның жаңа Конституциясы негізінде қалыптасқан саяси жүйенің маңызды кезеңдерінің бірі болды. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа саяси институттың құрамы қалыптасып, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуының жаңа тетігі іске қосылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61