САЯСАТ

«Respublica» партиясы сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді

«Respublica» партиясы Құрылтайға алғашқы сайлаудағы exit poll нәтижесіне байланысты мәлімдеме жасады. Алдын ала дерек бойынша партия 5,4% дауыс жинаған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

«Respublica» партиясы Құрылтайға өткен алғашқы сайлаудың exit poll арқылы жарияланған алдын ала нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

Партия мәліметінше, алдын ала сауалнама қорытындысында «Respublica» 5,4% дауыс жинаған. Партия өкілдері бұл көрсеткішті өздеріне сенім білдірген азаматтардың таңдауы деп бағалады.

«Respublica» партиясы сайлау үдерісі әділ әрі ашық өткенін атап өтті. Партияға дауыс берген азаматтарға алғыс білдіріп, олардың қолдауы жаңа кезеңдегі жұмыстың маңызды негізі екенін жеткізді.

Партия өкілдері ресми сайлау қорытындысын күтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар «Respublica» алдағы уақытта да халықтың пікірін билікке жеткізіп, ел игілігі үшін нақты өзгерістерге бағытталған жұмыстарын жалғастыратынын айтты.

Партия үшін 5,4% көрсеткіш – тек сайлау нәтижесі емес, жаңа кезеңге бастайтын мүмкіндік ретінде бағаланып отыр.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61