САЯСАТ
Экзитполдың алдын ала нәтижесі бойынша Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Құрылтайдың алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5%-дан астамының қолдауына ие болды. Партия төрағасы Асхат Рахимжанов бұл нәтижені үлкен жауапкершілік деп бағалады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Құрылтайдың алғашқы сайлауында ЖСДП-ға дауыс берген азаматтардың үлесі 5%-дан асты. Бұл туралы партия төрағасы Асхат Рахимжанов мәлімдеді.
Ол экзитполдың алдын ала нәтижесіне байланысты партияны қолдаған қазақстандықтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ сайлау науқаны кезінде партиямен бірге жұмыс істеген белсенділер мен еріктілерге ризашылығын жеткізді.
Асхат Рахимжановтың айтуынша, сайлаушылардың қолдауы партия үшін маңызды әрі үлкен жауапкершілікті жүктейді.
«Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік», — деді ЖСДП төрағасы.
Партия басшысы сайлау науқаны барысында атсалысқан барлық азаматтардың еңбегін атап өтіп, олардың қолдауы партия үшін маңызды болғанын жеткізді.
Айта кетейік, аталған көрсеткіштер әзірге экзитполдың алдын ала нәтижелері болып саналады. Сайлаудың түпкілікті қорытындысын тиісті сайлау органдары жариялайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61