САЯСАТ
Қазақстанда 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына халықаралық бақылау жүргізген ТМД миссиясы қорытынды бағасын жариялады. Бақылаушылар сайлауды ашық, бәсекелі әрі ұйымдасқан деп бағалап, нәтижеге әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
ТМД бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты қорытындысын ұсынды. Миссияның бағалауынша, сайлау процесі еліміздің заңнамасына сәйкес өтіп, азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруіне мүмкіндік берілген.
Дауыс беру күні миссия өкілдері Қазақстанның 14 өңіріндегі 900-ден астам сайлау учаскесіне барды. Миссия басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенко дауыс беру тыныш әрі қолайлы жағдайда өткенін атап өтті.
Бақылаушылардың айтуынша, дауыстарды санау рәсімі де заң талаптарына сай жүргізілген. Сайлау нәтижесіне ықпал етуі мүмкін заңбұзушылықтар тіркелмеген.
ТМД миссиясы Қазақстанның қолданыстағы сайлау заңнамасы еркін әрі демократиялық сайлау өткізуге қажетті жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті.
Миссия сайлау науқанына бақылауды 3 тамызда бастаған. Осы уақыт ішінде оның өкілдері сайлау комиссияларымен және сайлаушылармен кездесіп, дауыс беруге дайындық пен сайлау барысын бақылаған.
«2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына толық сәйкес өтті. Сайлау әділ, бәсекелі және ашық болды», — деді Игорь Петришенко.
Алдын ала қорытынды бойынша, 5 пайыздық межеден бес партия өтті: «Әділет» — 71,17%, «Ауыл» — 6,26%, Respublica — 5,56%, «Ақ жол» — 5,21%, ОСДП — 5,11%.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61