ҚОҒАМ
Павлодарда көшеде келе жатқан ер адам аяқ астындағы тротуардың опырылуы салдарынан қайнаған суға түсіп кеткен. Ол денесінің тізеден жоғары бөлігін күйдіріп, екінші дәрежелі күйік алған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Оқиға Павлодар қаласында болған. Ер адам төрт жасар баламен бірге тротуармен келе жатқан кезде жер кенеттен опырылып, төмендегі қайнаған суға құлаған.
Зардап шеккен азаматтың әпкесі бұл жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, оқиғаның адамдар күнделікті жүріп өтетін жерде болғанын жазды.
Оның айтуынша, ағасы тізеден жоғары бөлігінен екінші дәрежелі күйік алған. Әйелдің сөзінше, сол сәтте бірінші болып бала жүргенде, салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді.
«Бұл ашық люк немесе құрылыс жүріп жатқан аумақ емес. Адамдар күн сайын жүретін кәдімгі тротуар. Бір сәтте жер опырылып, ағам қайнаған суға құлап кетті», – деп жазды ол.
Оқиғаға қатысты «Павлодар жылу желілері» ЖШС түсініктеме берді. Компания мәліметінше, аталған учаскеде жылу желісінде ақау болған. Кәсіпорын өкілдері мәселені жою және тиісті шараларды қабылдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
Оқиғаның нақты себептері мен жауапты тұлғаларға қатысты қандай шара қолданылатыны әзірге нақтыланып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61