ҚОҒАМ
24 тамыз күні Шығыс Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Үлкен-Нарын ауылында шамамен 2 балл деңгейінде сезілген, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі 24 тамызда Астана уақытымен сағат 19:31-де тіркелген.
Жерасты дүмпуін «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының» сейсмикалық станциялар желісі анықтаған.
Сейсмологтардың дерегіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 257 шақырым қашықтықта орналасқан.
Дүмпу Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен-Нарын ауылында сезілген. Елді мекендегі сілкіністің күші шамамен 2 балл болған.
Мамандар жер сілкіністерін арнайы сейсмикалық станциялар арқылы тұрақты бақылауда ұстайды. Қазіргі уақытта аталған жерасты дүмпуіне қатысты қосымша мәліметтер нақтылануда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61