ҚОҒАМ
23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау өткен күні елімізде 657 бала өмірге келді. Оның 318-і ұл болса, 339-ы – қыз, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сайлау күні Қазақстанның перзентханаларында 657 сәби дүниеге келген.
Нәрестелердің арасында 318 ұл және 339 қыз бар. Сонымен қатар осы күні ел аумағында бір жұп егіз өмірге келген.
Сәби саны бойынша Алматы қаласы көш бастады. Мұнда 60 бала дүниеге келген. Түркістан облысында 54, ал Шымкент қаласында 51 нәресте туған.
Осылайша, 23 тамыз 657 отбасы үшін елдегі маңызды саяси оқиғамен қатар, жаңа өмірдің басталған күні ретінде де есте қалмақ.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл күннің отбасылар үшін ерекше мәнге ие болғанын атап өтті. Әсіресе сайлау күні дүниеге келген сәбилердің туған күні ата-аналары үшін есте қаларлық дата болмақ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61