ДАМУ

Роботтар жарысы Астанада басталды

Астанада FIRST Global Challenge Central Asia 2026 робототехника жарысы басталды. Үш күнге созылатын байқаудың қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық робототехника құрамасы жасақталып, жеңімпаздар ел намысын Оңтүстік Кореяда өтетін әлем чемпионатында қорғайды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

24-26 тамыз аралығында Қазақ ұлттық спорт университетінде робототехникадан халықаралық жарыс өтіп жатыр. Байқауға Қазақстанның 40-қа жуық командасы және Өзбекстаннан келген үздік жас робот жасаушылар қатысуда.

Жарыс барысында оқушылар өздері құрастырған роботтардың мүмкіндіктерін сынап қана қоймай, командалық жұмыс пен инженерлік шешімдерін де көрсетуі тиіс.

Биылғы сайыстың басты тақырыбы – орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу. Қатысушылар роботтарын төтенше жағдай кезінде адамға қауіп төндірмей жұмыс істеуге қабілетті етіп дайындауда.

FIRST Global Challenge Central Asia 2026 қорытындысы бойынша үздік командалар Қазақстанның ұлттық құрамасына іріктеледі. Олар ел атынан Оңтүстік Кореяда өтетін FIRST Global әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар оқушылардың робототехникаға қызығушылығын арттырып қана қоймай, инженерлік ойлау, технологиялық сауаттылық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61