СПОРТ
Қазақстанда үш жастан асқан тұрғындардың жартысына жуығы дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылданады. 2026 жылы бұл көрсеткіш 47,7%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өскен, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұндай нәтиже 12 мың үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктемелі зерттеу барысында анықталған.
Зерттеу қорытындысы бойынша, 2026 жылы үш жастан асқан Қазақстан халқының 47,7%-ы спортпен немесе дене шынықтырумен айналысады.
Олардың 19,2%-ы бос уақытында өздігінен жаттығуды таңдаған. Ал 28,1%-ы білім беру ұйымдарындағы спорттық сабақтарға қатысады. Тұрғындардың 0,4%-ы спортпен кәсіби деңгейде айналысады.
Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш те артқан. 2025 жылы спортпен шұғылданатындардың үлесі 46,5% болса, 2026 жылы 1,2 пайыздық тармаққа өсіп, 47,7%-ға жеткен.
Спортқа қызығушылық қала мен ауыл тұрғындары арасында да әртүрлі. Қалалық жерлерде тұрғындардың 49,3%-ы дене шынықтырумен және спортпен айналысса, ауылдық елді мекендерде бұл көрсеткіш 45%-ды құрады.
Осылайша, статистика қала тұрғындарының спортпен айналысу белсенділігі ауыл халқына қарағанда жоғары екенін көрсетіп отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61