САЯСАТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының өтуіне байланысты жылы лебіз білдірген шет мемлекеттер басшыларына ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың сәтті өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей Президенті Владимир Путинге, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты.
Президент өз сөзінде алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының ел тарихындағы маңызды саяси оқиға болғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сайлау Қазақстан азаматтарының бірлігін айқын көрсетті. Сонымен қатар халық елдің, әсіресе жас ұрпақтың болашағына қатысты жауапкершілігін танытып, отансүйгіштіктің үлгісін көрсетті.
Мемлекет басшысы сайлау процесіне қатысқан азаматтардың белсенділігі мен ел болашағына деген ортақ жауапкершілігін жоғары бағалады.
Ал шет мемлекеттер басшыларының жылы лебізі Қазақстанның халықаралық серіктестері тарапынан сайлау нәтижесіне көрсетілген назардың бір көрінісі болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61