ҚОҒАМ

Сырдарияға батып кеткен ағайынды екі азаматтың да денесі табылды

Түркістан облысының Сауран ауданында 22 тамызда Сырдария өзеніне батып кеткен ағайынды екі азаматтың денесі табылды. Іздестіру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Қайғылы жағдай Үшқайық ауылдық округі аумағында болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 2002 жылы туған азамат суға түсуге тыйым салынған аумақта шомылып жүріп, өзенге батып кеткен.

Оны құтқаруға ұмтылған 1998 жылы туған ағасы да суға кеткен. Осыдан кейін құтқарушылар өзен бойында іздестіру жұмыстарын бастаған.

24 тамызда мамандар 2002 жылы туған азаматтың денесін оқиға орнынан шамамен 6 шақырым жерден тапты. Бір күннен кейін, 25 тамызда екінші азаматтың денесі де анықталды. Ол оқиға орнынан шамамен 30 шақырым қашықтықтан табылып, судан шығарылды.

Іздеу жұмыстарына 90-ға жуық адам қатысты. Сонымен қатар арнайы техника, жүзу құралдары мен дрондар пайдаланылды.

Құтқарушылардың мәліметінше, осылайша Сырдарияда жүргізілген іздестіру жұмыстары аяқталды. Өкінішке қарай, ағайынды екі азамат та қаза тапты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61