ҚОҒАМ

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауытында болған өрт толықтай ауыздықталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шыққан. Төтенше жағдайды жоюға шамамен 65 адамнан тұратын жеке құрам және 19 арнайы техника жұмылдырылды.

Өрт сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен қатар «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының апаттық-құтқару қызметі тартылды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіруге қатысқан барлық күштер мен техниканың жұмысы үйлестірілді.

Мамандардың жедел әрекетінің нәтижесінде сағат 13:42-де өрт оқшауланып, жалынның әрі қарай таралуына жол берілмеді. Кейіннен өрт толығымен сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61