ҚОҒАМ
Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы — Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханова қаза тапты. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, отбасына консулдық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Шарджада қаза тапқан Ақжан және Жұлдыз Боханованың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде. Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесіп, сондай-ақ БАӘ-нің тиісті органдарымен байланыс орнатқан.
Қазіргі уақытта қазақстандық азаматтардың өлімінің нақты себептері мен мән-жайларын Біріккен Араб Әмірліктерінің құзыретті органдары анықтап жатыр. Тергеу жұмыстарының мүддесіне байланысты қосымша ақпарат әзірге жарияланбайды.
Бұған дейін қазақстандық БАҚ-та марқұмдардың туыстары олардың өліміне қатысты күмән бар екенін айтқаны хабарланған. Отбасының мәліметінше, 2004 және 2006 жылы туған апалы-сіңлілі қыздар БАӘ-ге жұмыс істеу мақсатында барған. Олар тамыз айының соңында немесе қыркүйектің басында Қазақстанға оралуды жоспарлаған.
Туыстарының айтуынша, қыздар шамамен бір апта бойы байланысқа шықпаған. 24 тамызда отбасыға екі адамның мәйіті табылғаны туралы хабар берілген.
Марқұмдардың жақындары қыздардың зорлықпен қаза болғанын және денелерінен пышақ жарақаттары байқалғанын мәлімдеген. Сонымен қатар олар күдікті адамның ұсталғанын, оның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екенін айтқан.
Алайда қыздардың өлтірілгені, денелеріндегі жарақаттардың сипаты, күдіктінің ұсталғаны және оның азаматтығы туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Қазір істің барлық мән-жайын БАӘ-нің құзыретті органдары анықтап жатыр. Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың отбасына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61