СПОРТ
Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Виктория Ан 100 және 200 метрлік жарыстарда қарсыластарынан озып, екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Астана қаласының өкілі Виктория Ан 200 метрге жүгіруден сынға түсіп, 24,05 секунд нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.
100 метрлік жарыста да қазақстандық желаяқ мәреге бірінші болып жетті. Ол қашықтықты 11,85 секундта еңсеріп, биылғы маусымдағы үздік нәтижесін тіркеді.
100 метрлік бәсекеде Өзбекстан өкілі Лайло Аллаберганова күміс жүлдеге ие болса, Түрікменстан спортшысы Валентина Мередова қола медальді жеңіп алды.
Виктория Анның 200 метрге жүгірудегі 24,05 секундтық нәтижесі оған Жапонияда өтетін XX Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік берді.
Қазақстандық спортшы Ташкенттегі чемпионатта екі қашықтық бойынша да алтын жүлдеге қол жеткізіп, ел қоржынына қос медаль қосты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61