ҚОҒАМ
Түркиядан Ресейге бағыт алған «Аэрофлот» ұшағы жолаушының денсаулығы күрт нашарлауына байланысты Атырау әуежайына шұғыл қонды. Ер адам дәрігерлердің көмегіне қарамастан көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Оқиға 25 тамызда болған. «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Түркиядан Ресейге ұшып бара жатқан кезде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған.
Осыған байланысты әуе кемесі Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған. Ұшақ қонғаннан кейін ер адамның жағдайы одан әрі ауырлаған.
Оқиға орнына келген медицина мамандары жолаушыға қажетті көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Атырау көлік полициясының мәліметінше, аталған жағдай бойынша ақпарат 25 тамызда көліктегі полиция бөлімінде тіркелген.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарының нәтижесіне қарай қосымша ақпарат беретінін хабарлады. Жолаушының жеке басы мен ұшақтағы басқа адамдарға қатысты мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61