САЯСАТ
«Әділет» партиясы Құрылтайдың I шақырылымына өтетін депутаттардың толық құрамын бекітті. Партия Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 110 кандидаттың тізімі мақұлданып, ресми тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Астанада «Әділет» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиынға партия төрағасы Айбек Дәдебай жетекшілік етті. Отырыста Құрылтайдың I шақырылымына партиялық тізім бойынша сайланған 110 депутаттың кандидатурасы бекітілді.
Партияның хабарлауынша, бекітілген құрамның 37-сі – әйелдер (33,6%), 13-і – жастар (11,8%), ал 2 депутат – мүгедектігі бар азаматтар (1,8%). Депутаттардың 21-і (19%) – өзге этнос өкілдері. Құрамдағы депутаттардың орташа жасы 46,7 жасты құрайды.
Жаңа құрамда саяси және депутаттық тәжірибесі бар азаматтар да бар. Олардың қатарында Ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі, Мәжілістің 20 экс-депутаты және Сенаттың 4 экс-депутаты бар. Жалпы, Парламентте депутаттық тәжірибесі бар 24 адам Құрылтай құрамына енді.
Сондай-ақ тізімде Президенттік жастар кадр резервінің 10 мүшесі, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 4 мүшесі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 5 мүшесі бар. Бұдан бөлек, 26 адам мәслихат депутаты ретінде тәжірибе жинаған.
Депутаттар арасында экономика, әлеуметтік сала, экология, цифрландыру және басқа да бағыттардың мамандары қамтылған. Атап айтқанда, тізімде 3 эколог, 2 волонтерлік қозғалыс өкілі және IT саласының 4 маманы бар.
«Әділет» партиясынан Құрылтайға сайланған депутаттар:
1. Авершин Константин Викторович
2. Адаев Ербол Дәненұлы
3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
5. Аймағанова Айжан Талғатқызы
6. Алтай Абай
7. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
8. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
9. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы
10. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы
11. Амантайұлы Жарқынбек
12. Әбдікешов Алмат
13. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
14. Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы
15. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы
16. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
17. Бәденова Әсел Жанболатқызы
18. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
19. Басин Вадим Борисович
20. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы
21. Башымов Марат Советұлы
22. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы
23. Беркімбаев Берік Серікұлы
24. Больгерт Евгений Андреевич
25. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
26. Байбеков Шалқар Заманбекұлы
27. Бәзенов Айрат Бәзенұлы
28. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
29. Бақытбекұлы Нұркен
30. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы
31. Годунова Наталья Николаевна
32. Дәдебай Айбек Арқабайұлы
33. Данилов Александр Сергеевич
34. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
35. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы
36. Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы
37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
38. Ералиев Бегалы Ералыұлы
39. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы
40. Есімханов Сұңғат Қуатұлы
41. Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы
42. Елеусізова Бота Серікқызы
43. Ералиев Мағжан Абзалұлы
44. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы
45. Жансеңгіров Арман Серікұлы
46. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
47. Жамалов Бауыржан Салдарұлы
48. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы
49. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы
50. Зәкиева Динара Болатқызы
51. Имашева Снежанна Валерьевна
52. Қарабасова Лаура Шапайқызы
53. Қаринова Шолпан Таңатқызы
54. Қайырова Әсел Әнуарқызы
55. Қожаниязов Серік Салауатұлы
56. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы
57. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
58. Қожаев Марат Шәдетханұлы
59. Қожахметова Ләззат Таймырқызы
60. Кузиева Замира Закировна
61. Кучинская Юлия Владимировна
62. Қамзабекұлы Дихан
63. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы
64. Оспанов Шота Сәбитбекұлы
65. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
66. Перепечина Ольга Валентиновна
67. Петров Константин Викторович
68. Пономарёв Сергей Михайлович
69. Пулатов Шерзод Аббозович
70. Рамазанова Наталья Сергеевна
71. Рожин Максим Николаевич
72. Рымжанов Мәди Рысбекұлы
73. Савельева Татьяна Михайловна
74. Сайыров Ерлан Бияхметұлы
75. Сарым Айдос Әміроллаұлы
76. Смышляева Екатерина Васильевна
77. Сүгірбай Аят Исатайұлы
78. Сулаймонова Русана Русланқызы
79. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы
80. Сағынов Замир Садықұлы
81. Себасов Марат Бақбергенұлы
82. Семидоцких Елена Александровна
83. Темірбаева Айжан Маратқызы
84. Тен Ирина Сергеевна
85. Тоқтамұрат Армангүл
86. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
87. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы
88. Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы
89. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы
90. Теренченко Илья Сергеевич
91. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы
92. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
93. Шапақ Үнзила
94. Шаталов Никита Сергеевич
95. Шибұтов Марат Мақсұмұлы
96. Щербаков Станислав Александрович
97. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
98. Мұсылманбек Ерқанат
99. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы
100. Медеуова Дана Теміртайқызы
101. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы
102. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы
103. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы
104. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
105. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы
106. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы
107. Халықов Арман Қобыландыұлы
108. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы
109. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
110. Ысқақова Айжан Амангелдіқызы
Отырыста партияның Құрылтайдағы депутаттық фракциясының қызметін реттейтін ереже де бекітілді.
Сайлау қорытындысына сәйкес, «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинап, Құрылтайдағы 145 мандаттың 110-ына ие болды. Партия мәліметінше, оны 6,5 миллионнан астам азамат қолдаған.
Партия төрағасы Айбек Дәдебай сайлау нәтижесі тұрғындардың «Әділет» партиясына және елде жүргізіліп жатқан реформалар бағытына қолдауын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, ендігі негізгі міндет – сайлаушылардың сенімін нақты жұмыс пен нәтижелер арқылы ақтау.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61