МӘДЕНИЕТ
Қазақстандық «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық жобасы АҚШ-та ұйымдастырылған Portland Festival of Cinema, Animation & Technology халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы марапатына ие болды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ұсынған «KÖLEÑKE» жобасы фестивальдің хоррор-анимация санатында жоғары бағаланды. Жұмыс авторлары ерекше шығармашылық шешімі мен өзіндік визуалды стилі үшін қазылар алқасының назарына ілікті.
Фестиваль қазылары анимациялық жобаның авторлық тәсілі мен көркемдік ерекшелігін атап өтіп, оған «Ерекше көзқарас пен шығармашылық шеберлігі үшін» арнайы жүлдесін табыстады.
«KÖLEÑKE» — қорқынышты атмосфера мен ұлттық сипаттағы көркемдік шешімдерді ұштастыратын анимациялық жоба. Оның визуалды тілі, кейіпкерлердің бейнесі мен оқиғаны жеткізу тәсілі туындының өзіндік стилін қалыптастырады.
Portland Festival of Cinema, Animation & Technology — кино, анимация және заманауи технология саласындағы шығармашылық жобаларды танытатын халықаралық алаңдардың бірі. Фестиваль аясында әртүрлі елдердің авторларының анимациялық және кино жұмыстары сарапшылар назарына ұсынылады.
Қазақстандық жобаның халықаралық байқауда арнайы жүлде алуы отандық анимацияның шетелдік фестивальдерде танылып келе жатқанын көрсетеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61