ҚОҒАМ

Алматы облысында пластик бұйымдар шығаратын цехтан өрт шықты

Алматы облысының Талғар ауданында пластик бұйымдар өндіретін цехта өрт болды. Төтенше жағдай Күлжа тасжолының бойында тіркелген, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Алматы облысында пластик бұйымдар өндіретін цехтағы өртті сөндіруге құтқарушылар жұмылдырылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Өрт Талғар ауданындағы Күлжа тасжолы маңында болған. Оқиға орнына келген мамандар өрт сөндіру жұмыстарын жедел ұйымдастырды.

Тілсіз жаумен күресу үшін оқиға орнында жедел штаб құрылып, су үздіксіз беріліп отыр. Өрт сөндіру жұмыстарына үш жауынгерлік учаске тартылып, алты су оқпаны пайдаланылды.

Қазіргі уақытта өрттің таралуына жол беріліп, жағдай бақылауға алынған. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар өрттің шығу себебі мен оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтап жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61