ҚОҒАМ
Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда білім беру, зейнетақы, салық, тұрғын үй және цифрлық таңбалауға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Astana City Pass
Мектептерде жаңа талаптар енгізіледі
1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді. Оқушылардың білімі бақылау, практикалық және шығармашылық жұмыстар арқылы бағаланады.
Сабақ кезінде оқушыларға ұялы телефон қолдануға да шектеу қойылады. Гаджеттерді оқу бағдарламасында қарастырылған жағдайда ғана пайдалануға рұқсат беріледі.
БАД-тарға цифрлық таңбалау енгізіледі
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды міндетті цифрлық таңбалау басталады. Жаңа өнімдердің қаптамасында Data Matrix коды болуы тиіс.
Зейнетақы жинағына қатысты өзгеріс
7 қыркүйектен бастап азаматтар зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейінгі бөлігін жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға бере алады. Бұған дейін бұл үлес 50 пайызбен шектелген.
Декларация тапсыру мерзімі
15 қыркүйекке дейін белгілі бір санаттағы азаматтар 2025 жылғы кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруы керек. Бұл талап мемлекеттік қызметшілерге, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларына, жеке практикамен айналысатындарға және кейбір басқа азаматтарға қатысты.
Тұмауға қарсы вакцинация басталады
15 қыркүйектен бастап елде тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталады. Бірінші кезекте инфекция жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға екпе салу жоспарланған.
Қыркүйек айында салық төлеу, декларация тапсыру және тұрғын үй бағдарламаларына қатысу бойынша да бірқатар маңызды мерзім бар. Сондықтан азаматтарға өздеріне қатысты жаңа талаптарды алдын ала тексерген жөн.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61