ҚОҒАМ

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің Басқарма төрайымы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрайымы қызметіне келді. Бұған дейін компанияны Кемелбек Ойшыбаев басқарған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Qazaqstan

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды. Ал Кемелбек Ойшыбаев агенттік басшысы қызметінен босатылды.

Жаңа басшының телевизия саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Ол кәсіби жолында бірқатар ірі медиақұрылымдарға жетекшілік еткен.

Әр жылдары Ләззат Танысбай «Астана» телеарнасын, «НҰР-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Еуразия» телеарнасын басқарды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарған.

Жаңа қызметінде оған «Хабар» агенттігінің қазіргі мүмкіндіктері мен кәсіби әлеуетін сақтай отырып, негізгі жұмыс бағыттарын кезең-кезеңімен жаңарту міндеті жүктелді.

Бұдан бөлек, «24KZ» телеарнасының қоғамдық-саяси ақпарат кеңістігіндегі орнын күшейту де басым бағыттардың бірі ретінде белгіленді.

Ләззат Танысбайдың тағайындалуы отандық телевизия саласында көп жылдық тәжірибесі бар маманның ірі медиахолдингтердің біріне қайта жетекшілік етуімен ерекшеленеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61