ҚОҒАМ

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монета шығарады

Қазақстан Ұлттық банкі қазақ халқының әйгілі махаббат дастаны – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» шығармасына арналған жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі танымал туындылардың бірі – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанына арналған коллекциялық монетаны таныстырды.

Жаңа монета Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылымға шығарылады. Коллекциялық шығарылым қазақ мәдениеті мен әдеби мұрасын дәріптеуге бағытталған.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – қазақтың лиро-эпостық жырларының бірі. Дастанда Қозы мен Баянның махаббаты, адалдығы мен тағдыры баяндалады. Шығарма ғасырлар бойы халық арасында сақталып, қазақ мәдениетінің маңызды мұраларының қатарына енген.

Ұлттық банк шығарған коллекциялық монеталар Қазақстан аумағында белгіленген номиналы бойынша барлық төлем түрлерінде қабылданады. Сонымен қатар оларды екінші деңгейлі банктерде шотқа есепке алуға, аударуға, айырбастауға және ұсақтауға болады.

Жаңа монета коллекционерлерге де, қазақ мәдениеті мен ұлттық тарихына қызығушылық танытатындарға да арналған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61