САЯСАТ

Тоқаев Бішкекте өтетін ШЫҰ отырысына қатысады

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Бішкекке жұмыс сапарымен барды. Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» кездесуіне қатысады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Aqorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан астанасы Бішкекке жұмыс сапарымен келді.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына қатысады. Сонымен қатар «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу жоспарланған.

Сапар бағдарламасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысуы да бар.

Президентті «Манас» халықаралық әуежайында Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасы әрі Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

ШЫҰ – аймақтық қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық ұйым. Қазақстан ұйымға мүше мемлекеттердің бірі ретінде оның жұмысына тұрақты қатысып келеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61