СПОРТ
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық команда сапындағы ойындарын аяқтау туралы шешім қабылдағанын жариялады. Футболшы бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Hector Vivas – FIFA/Getty Images
Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол өз шешімін әлеуметтік желідегі жазбасында бөлісті.
Футболшы бұл қадамның өзіне ауыр тигенін жасырмады. Мессидің сөзінше, қазір мансабын қорытындылайтын уақыт келгенін түсінеді. Ол ұлттық құрама сапында әрдайым бар күшін салғанын атап өтті.
«Бұл шешім маған ауыр тиді және әлі де ауыр тиіп тұр. Дегенмен дәл қазір оның дұрыс уақыт екенін түсінемін. Мен әрқашан барымды салдым. Бұл тек соңғы жылдары, біз барлық жүлдені жеңіп алған кезеңмен шектелмейді, оған дейін де солай болды», – деп жазды Месси.
Футболшы бұл мәтінді 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан екі күн өткен соң, 21 шілдеде жазғанын, алайда оны әлеуметтік желіде 21 тамызда жариялағанын айтты.
Месси Аргентина құрамасымен 2021 жылы Америка кубогын, 2022 жылы әлем чемпионатын және 2024 жылы тағы бір Америка кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар ол 2022 жылғы әлем чемпионатында турнирдің үздік ойыншысы атанды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61