БІЛІМ

Қазақстанда жаңа оқу жылын 8 мыңнан астам мектеп бастады

2026–2027 оқу жылында Қазақстандағы 8 048 жалпы білім беретін мектепте сабақ басталды. Биыл білім ордаларының саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,6%-ға артқан, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда жаңа оқу жылында 8 048 жалпы білім беретін мектеп оқушыларға есігін ашты. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2024–2025 оқу жылымен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары.

Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан және Атырау облыстарында іске қосылған.

Сонымен қатар Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарының әрқайсысында үш мектептен пайдалануға берілді. Жамбыл облысы, Алматы және Шымкент қалаларында екі мектептен ашылды.

2026–2027 оқу жылында ел мектептерінде 4,1 миллионнан астам оқушы білім алады деп жоспарланып отыр. Олардың ішінде 380 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа барады.

Жаңа оқу жылына дайындық аясында мектеп инфрақұрылымын жаңарту, жаңа білім беру нысандарын іске қосу және оқушыларға қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасуда.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61