СПОРТ

Жания Бекмұхамбетова Словенияда WTT Youth Contender турнирінде топ жарды

Қазақстандық теннисші Жания Бекмұхамбетова Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық жарысының U13 санатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының жас спортшысы Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

Ол жарыстың U13 жас санатында өнер көрсетіп, финалға дейінгі барлық кездесуде қарсыластарына мүмкіндік бермеді. Қазақстандық спортшы қатарынан алты матч өткізіп, бірде-бір партияда жеңілген жоқ.

Бекмұхамбетова жолай Словения өкілі Эма Калужаны, Үндістаннан келген Каавья Саринді және Сингапур спортшысы Линь Цзяцзюньді жеңді. Сондай-ақ Хорватияның үш өкілі – Стелла Пресецки, Ника Грегурец және Петра Липовшчактан басым түсті. Барлық кездесуде есеп 3:0 болды.

Финалдық бәсекеде қазақстандық спортшы Сингапур өкілі Хуан Кристалмен кездесті. Жания Бекмұхамбетова қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды.

WTT Youth Contender – жасөспірімдер арасындағы үстел теннисінен өтетін халықаралық турнирлер сериясы. Жарыстарда әртүрлі жас санатындағы спортшылар бақ сынап, халықаралық тәжірибе жинайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61