БІЛІМ

Астанада мектеп оқушыларына AI-робот сабақ өткізді

Білім күні Астанадағы №82 «Дарын» мектеп-лицейінде оқушыларға жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін робот сабақ өткізуге қатысты. Ол мұғалімге көмектесіп, оқу үдерісіне белсенді араласты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Астана әкімдігі

Білім күні елордадағы №82 «Дарын» мектеп-лицейінде ерекше сабақ өтті. Оқушылардың алдында мұғаліммен бірге жасанды интеллект технологиясы негізінде жұмыс істейтін робот пайда болды.

AI-робот сабақ барысында оқушылармен тікелей байланыс орнатып, оқу материалын түсіндіруге көмектесті. Сонымен қатар балаларға сұрақтар қойып, сабақтың кей кезеңдерін өткізуге қатысты. Роботтың қатысуы оқушылардың оқу процесіне қызығушылығын арттырып, дәстүрлі сабақты интерактивті форматта өткізуге мүмкіндік берді.

Дегенмен сабақтағы негізгі рөл мұғалімге тиесілі болды. Робот ұстазды алмастырмай, қосымша көмекші ретінде пайдаланылды. Ол мұғалімнің кейбір міндеттерін орындап, оқушылармен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталды.

Сабақта қолданылған робот-көмекші — қазақстандық EdooX.ai білім беру AI жүйесінің шешімдерінің бірі. Компания мектептерге арналған жасанды интеллект технологияларын әзірлеумен айналысады.

Мамандардың пікірінше, мұндай технологияларды білім беру саласына енгізу оқыту форматын жаңғыртып, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Сонымен бірге жасанды интеллект мұғалімді толық алмастыратын құрал емес, оқу сапасын арттыруға көмектесетін технология ретінде қарастырылады.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61