МӘДЕНИЕТ
25 қыркүйекте Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде суретші Батима Заурбекованың 80 жылдығына арналған «Мұра жіптері» ретроспективті көрмесі ашылады. Экспозицияға 80-нен астам туынды қойылады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
«Мұра жіптері» көрмесі 25 қыркүйек күні сағат 16:00-де ашылады. Экспозиция музейдің үш залында орналасып, Батима Заурбекованың жарты ғасырдан астам уақыттағы шығармашылық мұрасын бір кеңістікте таныстырады.
Батима Заурбекова – Қазақстандағы кәсіби гобелен өнерінің қалыптасуына үлес қосқан белгілі суретші. Ол «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.
Суретшінің еңбектерінде қазақ халқының мәдениеті, тарихы мен дәстүрі, адам мен табиғат, отбасы, ана мен бала және ұрпақтар сабақтастығы тақырыптары көрініс табады. Ұлттық ою-өрнек пен заманауи көркемдік шешімдер оның шығармаларына өзіндік сипат береді.
Көрмеде гобелен, кескіндеме және графика туындыларымен қатар эскиздер, архивтік фотосуреттер мен бейнематериалдар ұсынылады. «Простор» (1976), «Мать-Земля» (1984), «Материнство» (2004) секілді танымал еңбектерін де көруге болады.
Батима Заурбекованың шығармалары Франция, Түркия, Италия, Швейцария және басқа елдерде таныстырылған. Оның туындылары мемлекеттік музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы.
Суретші 1946 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1969 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдаған. Бүгінде де шығармашылығын жалғастырып, ұлттық мәдениет тақырыптарына арналған жаңа туындылар жасап келеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61