САЯСАТ
Бішкекте Владимир Путин мен Никол Пашинян Арменияның ЕО-ға ұмтылысы және ЕАЭО-дағы мүшелігі жөнінде пікір алмасты. Путин референдумды қазір өткізуді ұсынса, Пашинян әзірге бұған қажеттілік жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Риа новости
Бішкекте өткен кездесуде Владимир Путин Арменияның Еуропалық одақпен жақындасуы ЕАЭО-дағы мүшелігіне қатысты мәселелер туындатуы мүмкін екенін айтты.
Ресей президенті Ереванның ЕО-ға кіруге ұмтылысын заңды құқық деп атап, Арменияның ЕАЭО аясындағы экономикалық артықшылықтарына назар аударды. Оның айтуынша, 2015 жылдан бері елдің ЖІӨ шамамен үш есеге, ал ЕАЭО елдеріне экспорты он есеге өскен.
Путин Арменияның ЕО-ға қосылуы немесе ЕАЭО құрамында қалуы жөніндегі мәселені референдум арқылы қазір шешуді ұсынды.
Пашинян бұл ұсыныспен келіспеді. Оның айтуынша, 2025 жылы қабылданған ЕО-ға қосылу процесін бастау туралы заң Арменияның ЕАЭО алдындағы міндеттемелерін бұзбайды. Ереван ЕАЭО-дан шығу рәсімін де бастамаған.
Армения премьер-министрі нақты таңдау жасайтын уақыт әлі келмегенін айтты. Оның пікірінше, балама жағдай қалыптасқан кезде ғана ел референдум немесе басқа жол арқылы шешім қабылдайды.
Путин болса, мәселені дауыс беруге шығарып, «тақырыпты жабуды» ұсынды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61