ҚОҒАМ

Жетісу облысында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты

Жетісу облысында екі Chevrolet Cobalt көлігі соқтығысып, жол апатынан алты адам көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Қайғылы жол-көлік оқиғасы «Сарыөзек – Көктал» автожолының 110-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt көліктерінің бірінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, келе жатқан басқа көлікпен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір зардап шегуші түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында көлік жүргізушілерінің әрекеті, жол жағдайы және апатқа себеп болуы мүмкін басқа да факторлар тексеріледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61