ҚОҒАМ

Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты

Қазақстанда халық саны жыл басынан бері 105 мың адамға көбейіп, 20,6 миллионнан асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады,  деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жасанды интеллект

1 тамыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 20 604 819 адам тұрады. Жыл басынан бері ел тұрғындарының саны шамамен 105 мың адамға артқан.

Халық саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында. Қалада 2,3 миллионнан астам тұрғын бар. Астанада халық саны 1,6 миллионнан, ал Шымкентте 1,3 миллионнан асты.

Облыстар арасында тұрғындар саны ең көп өңір – Түркістан облысы. Ал халық саны ең аз аймақ ретінде Ұлытау облысы тіркелген.

Статистикалық мәліметтер елдегі демографиялық ахуал мен халық санының өзгерісін бақылауға мүмкіндік береді. Тұрғындар саны табиғи өсім, туу мен өлім көрсеткіштері, сондай-ақ көші-қон үдерістеріне байланысты өзгеріп отырады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61