ДАМУ

Атырауда оқушылар өсірген лотос алқабы Қызыл кітапқа енді

Атырау облысында екі оқушы қыз екі жыл бұрын Қытайдан алған лотос тұқымдарын өсіріп, күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Қазір Перетаска арнасында футбол алаңындай аумақта лотос гүлдеп тұр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:Жасанды интеллект

Атырау облысында мектеп оқушыларының тәжірибесі нәтижесінде табиғи лотос алқабы пайда болды. Екі қыз лотос тұқымдарын екі жыл бұрын Қытайдың Pinduoduo маркетплейсі арқылы сатып алған.

Алғашында оқушылар тұқымдарды үй жағдайында аквариумға отырғызып көрген. Алайда тәжірибе сәтсіз аяқталғаннан кейін қалған тұқымдарды үйлерінің маңындағы Перетаска арнасына сепкен.

Арада бір жыл өткен соң арна бетінде алғашқы лотос жапырақтары байқалған. Биыл жазда өсімдіктер гүлдеп, аумақта көлемді лотос алқабы қалыптасты. Мамандардың бағалауынша, бірнеше тұқымнан тараған өсімдіктер шамамен футбол алаңындай аумақты алып жатыр.

Лотос алқабының пайда болуы жергілікті тұрғындардың да назарын аударған. Өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек түрлердің қатарына жатады.

Алқапқа оны өсіруге себепші болған оқушы қыздардың құрметіне «Шаттық-Айым» деген атау берілді.

Мамандар сирек кездесетін өсімдіктердің табиғи ортада сақталуы экожүйе үшін маңызды екенін атап өтеді. Лотос өсетін аумақты қорғау және оның табиғи қалпын сақтау мәселесіне де көңіл бөлінуде.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61