ҚОҒАМ

БҚО-да учаскелік полицей өрт кезінде отбасын құтқарды

Батыс Қазақстан облысында учаскелік инспектор түнгі патруль кезінде үй ауласынан шыққан түтінді байқап, өртке оранған баспанадан ұйықтап жатқан отбасыны қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видеороликтен алынған скриншот

Оқиға 1 қыркүйекке қараған түні Қыркопа ауылында болған. Аумақты патрульдеп жүрген учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбай тұрғын үйлердің бірінің ауласынан қою түтін шығып жатқанын көрген.

Полицей оқиға орнына жедел жеткен кезде үйге жақын орналасқан мал қорасы мен қора-жайдың өртеніп жатқанын анықтаған. Жалын тұрғын үйге қарай тарала бастаған.

Нұрлыбай уақыт жоғалтпай үй тұрғындарын оятып, балаларымен бірге қауіпсіз жерге шығуына көмектескен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полицей үй иелерімен бірге жанып жатқан қорадан малды сыртқа шығарған.

Сонымен қатар учаскелік инспектор жалынның таралуына жол бермеу үшін құм пайдаланып, өртті ауыздықтауға тырысқан. Оның жедел әрекетінің арқасында оттың тұрғын үйге және жақын орналасқан аумаққа таралуына жол берілмеді.

Оқиға орнына кейін өрт сөндіру қызметі келіп, тілсіз жауды толық сөндірді. Төтенше жағдай салдарынан тұрғындар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61