ТЕХНОЛОГИЯ
Қытайдың Ханчжоу қаласында CoolFly Urban атты шағын әуе аппараты көпшілікке көрсетілді. Құрылғы бір адамды тасымалдауға арналған және сағатына 70 шақырымға дейін жылдамдықпен ұша алады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Grani.lv
Қытайда фантастикалық фильмдердегі «ұшатын кілемді» еске түсіретін жаңа әуе аппараты таныстырылды. CoolFly Urban деп аталатын құрылғы Ханчжоу қаласында көпшілік назарына ұсынылған.
Аппараттың ұзындығы 3,5 метр болатын платформасына адам тұрып, басқару түймесін басу арқылы ауаға көтеріле алады. Құрылғы 90 келіге дейінгі салмақты көтеруге қауқарлы.
Өндіруші мәліметінше, CoolFly Urban әуеде шамамен 11 минут бола алады. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 70 шақырымға дейін жетеді.
Жаңа аппараттың бағасы 99 999 доллар, яғни шамамен 46 миллион теңге деп көрсетілген.
CoolFly Urban жеке әуе көлігі концепциясының бір үлгісі ретінде ұсынылып отыр. Мұндай құрылғылар қалалық ортада қысқа қашықтыққа ұшу мүмкіндігін қарастыратын жаңа көлік технологияларының қатарына жатады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61