САЯСАТ

Үкіметтегі жаңа құрам: кім қызметінде қалды, кім ауысты?

Қазақстан Үкіметінің құрамында бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Олжас Бектенов Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды. Министрлердің басым бөлігі лауазымдарын сақтап қалса, бірнеше ведомствоға жаңа басшылар келді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: akorda.kz

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына Нұрлыбек Налибаев тағайындалды. Үкімет басшысының орынбасарлары Ғалымжан Қойшыбаев пен Қанат Бозымбаев өз қызметтерін жалғастырады.

Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінде қалды. Жаслан Мәдиев те Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымын сақтап қалды.

Күштік құрылымдардағы басшылық құрамда да өзгеріс аз. Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Қаржы министрі қызметін Меди Тәкиев, Көлік министрі қызметін Нұрлан Сауранбаев атқарады. Ерлан Ақкенжанов Энергетика министрі, Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі қызметтерінде қалды.

Оқу-ағарту министрі – Жұлдыз Сүлейменова, Денсаулық сақтау министрі – Ақмарал Әлназарова, Су ресурстары және ирригация министрі – Нұржан Нұржігітов. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін Асқарбек Ертаев, Ауыл шаруашылығы министрі қызметін Айдарбек Сапаров жалғастырады.

Туризм және спорт министрлігін Ербол Мырзабосынов, Ғылым және жоғары білім министрлігін Саясат Нұрбек басқарады.

Үкіметке жаңа басшылар келді

Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Ермек Көшербаевты алмастырды. Мұхтар Тілеуберді 2019-2023 жылдары Сыртқы істер министрлігін басқарған.

Төтенше жағдайлар министрі қызметіне Мұрат Мұханов келді. Ол ведомствоның бұрынғы басшысы Шыңғыс Әріновтың орнына тағайындалды.

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болды. Ол бұл лауазымда Ерлан Нысанбаевты алмастырды.

Мәдениет және ақпарат министрлігін Арман Қырықбаев басқарды. Ол Аида Балаеваның орнына тағайындалды. Арман Қырықбаев бұған дейін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

Үкіметтің жаңа құрамында министрлердің басым бөлігі бұрынғы қызметтерін сақтап қалды. Кадрлық өзгерістер негізінен төрт министрлікті қамтыды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61