САЯСАТ

Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

Қызылордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» еңбегіне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында ел дамуы, заң үстемдігі, ұлттық құндылықтар мен жастар мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Жиынға зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми орта, заңгерлер мен белсенді жастар қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысының еңбегінде қамтылған қоғамдық-саяси, әлеуметтік және рухани мәселелерге қатысты пікірлер айтылды. Қатысушылар елдегі реформалардың жүзеге асуы, азаматтық жауапкершілік және қоғамдағы өзгерістер туралы ой бөлісті.

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы «Әділетті Қазақстан, Таза Қазақстан, халықаралық саясат» тақырыбында баяндама жасап, жүйелі реформалар мен экологиялық бастамалардың маңызын атап өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры Наурызбай Байқадамов сапалы білім мен ғылымның бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар тиімді мемлекеттік басқарудың ел дамуы үшін маңызын атап өтті.

Жиында тарих пен мәдениет, ұлттық құндылықтарды сақтау және рухани сабақтастық мәселелері де қозғалды. Қатысушылар тарихи сананы жаңғырту мен ұлттық мұраны дәріптеудің қажеттігін айтты.

Заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева «Конституция және Заң мен Тәртіп» тақырыбында сөз сөйлеп, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Жастардың болашағына қатысты пікірлер де ортаға салынды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің философия докторы (PhD) Серікхан Жүзеев білімге ұмтылу, еңбекқорлық, отаншылдық және жауапкершілік құндылықтарын жастар арасында қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Пікір алмасу барысында «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, білім мен ғылымның беделін арттыру, ұлттық руханиятты дамыту және жастарды адал еңбекке баулу бойынша ұсыныстар айтылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61