ҚОҒАМ

2027 жылы өңірлерге 6,36 трлн теңге бюджет субвенциясы бөлінеді

2027 жылы республикалық бюджеттен облыстар мен республикалық маңызы бар қала бюджеттеріне 6 трлн 357,8 млрд теңге субвенция беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жасанды интеллект

2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына сәйкес, келесі жылы өңірлерге берілетін бюджет субвенцияларының жалпы көлемі 6,36 трлн теңгені құрайды.

Қаражат өңірлер арасында мынадай көлемде бөлінеді:

  • Түркістан облысы — 1,24 трлн теңге
  • Жамбыл облысы — 607,5 млрд теңге
  • Қызылорда облысы — 546,8 млрд теңге
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 432,9 млрд теңге
  • Қостанай облысы — 423,8 млрд теңге
  • Абай облысы — 421,1 млрд теңге
  • Қарағанды облысы — 419,9 млрд теңге
  • Жетісу облысы — 403,6 млрд теңге
  • Ақмола облысы — 390,9 млрд теңге
  • Шымкент — 324,4 млрд теңге
  • Шығыс Қазақстан облысы — 306,9 млрд теңге
  • Ақтөбе облысы — 291,2 млрд теңге
  • Батыс Қазақстан облысы — 283,2 млрд теңге
  • Алматы облысы — 106 млрд теңге
  • Маңғыстау облысы — 78,6 млрд теңге
  • Ұлытау облысы — 68,5 млрд теңге
  • Павлодар облысы — 4,4 млрд теңге.

Ең қомақты субвенция Түркістан облысына бағытталады. Ал ең аз қаражат Павлодар облысына қарастырылған.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61