ҚОҒАМ

Қазақстанда ерлер мен әйелдерді бір купеге бөлек орналастыру жүйесі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда пойыз билеттерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін. Қазір мамандар бір купеге ерлер мен әйелдерді бөлек орналастыру мүмкіндігін зерттеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Мәселе әлеуметтік желі қолданушысының ұсынысынан кейін көтерілді. Threads желісіндегі қазақстандық қолданушы Түркиядағы пойыз билеттерін сату тәжірибесін мысалға келтіріп, Қазақстанда да осыған ұқсас жүйе енгізуді ұсынған.

Оның айтуынша, Түркияда бір купеге бірге сапарға шықпаған ер адам мен әйелге билет қатар сатылмайды. Егер купедегі орынды бірінші болып ер адам сатып алса, қалған бос орындарға ер жолаушылар ғана орналастырылады. Ал бірінші болып әйел билет алса, кейінгі орындар әйелдерге ұсынылады.

Бұл ұсынысқа «Қазақстан темір жолы» өкілдері жауап берген. Компания мамандары аталған жүйені қазір зерттеп жатқанын мәлімдеді. Оның Қазақстанда енгізілуі кейін қарастырылмақ. 

Қазір Қазақстанда жынысына қарай бір купеге автоматты түрде бөлу жүйесі жоқ. Дегенмен ұлттық тасымалдаушы негізгі бағыттардың бірқатарында әйелдерге арналған вагондарды іске қосқан. Мұндай вагондарға билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады, ал жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат етіледі. 

Жаңа жүйе енгізілсе, оның нақты қашан іске қосылатыны және қандай пойыздарда қолданылатыны әзірге белгісіз.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61