Bugin

Қытайда алапат су тасқыны болды: 83 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында нөсер жауыннан кейін су тасқыны болды. Табиғи апат салдарынан 83 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео үзіндіден

Қытайдың Фуцзянь провинциясында бірнеше күнге созылған нөсер жауын өзендердің тасуына және елді мекендерді су басуына себеп болды. Табиғи апатқа «Саудель» тайфунының әсері болған.

Жауын-шашын салдарынан көшелерді су басып, кейбір аудандарда су тұрғын үйлердің бірінші қабатына дейін жеткен. Бірқатар елді мекенде көлік қатынасы уақытша тоқтатылып, мектептер жабылды. Сондай-ақ 150-ден астам туристік нысан жұмысын тоқтатқан.

Биліктің мәліметінше, Фуцзянь провинциясында 83 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Құтқару қызметтері тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, су басқан аумақтарды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар өңірде сел, лай көшкіні және өзендердің қайта тасу қаупі бар екенін ескертті.

БҰҰ мен Еуропалық комиссияның апаттарды үйлестіру жүйесінің дерегіне сәйкес, Қытайдағы су тасқынынан зардап шеккендердің жалпы саны 317 мыңнан асқан.

Қазір жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап, қауіпті аумақтарда құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61