ДАМУ

Қазақстандық «Гүлдер» ансамблі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Гран-при жеңіп алды

Қазақстанның «Гүлдер» мемлекеттік ансамблі VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы Nomad Fest фестивалінде топ жарды. Өнер ұжымы «Этно-би» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық өнерпаздар халықаралық байқауда жоғары деңгейдегі өнерін көрсетті. «Этно-би» сайысында Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Түркия, Болгария, Үндістан, Пәкістан және басқа да елдердің кәсіби шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

«Гүлдер» мемлекеттік ансамблі байқау бағдарламасында «Ер Тұран» және «Қорқыт» композицияларын ұсынды. Қойылымдарда ұлттық бидің ерекшелігі мен қазақ халқының мәдени мұрасы көрініс тапты.

Ансамбльдің сахнадағы үйлесімді қимылы, орындаушылық шеберлігі мен көркемдік шешімі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша Анвара Садықова мен «Гүлдер» ансамблінің бірлескен шығармашылық жұмысы Гран-приге лайық деп танылды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дәстүрлі спорт түрлерімен қатар, көшпелі халықтардың мәдениеті мен өнерін танытуға мүмкіндік беретін ірі халықаралық шаралардың бірі. Nomad Fest фестивалі аясындағы өнер байқаулары түрлі елдердің шығармашылық ұжымдарын бір сахнада тоғыстырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61