ҚОҒАМ

Қазақстанда туризмге 2 жылда 2,2 трлн теңге инвестиция тартылды

Соңғы екі жылда Қазақстанның туризм саласына 2,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Қаражат жаңа жобаларды іске асыруға және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталуда, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанда туризм саласына салынатын инвестиция көлемі артып келеді. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жыл ішінде салаға 2,2 трлн теңгеден астам қаражат тартылған.

Қазіргі уақытта ел бойынша жалпы құны 1,3 трлн теңге болатын 328 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобалар толық іске қосылған кезде шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Туристер саны да өсіп келеді. Былтыр Қазақстанға 15,7 млн шетел азаматы келген. Оның ішінде 11,1 млн адам турист ретінде тіркелген.

Ішкі туризм көрсеткіші бойынша да оң динамика байқалады. Бір жыл ішінде 8,7 млн қазақстандық ел аумағында саяхат жасаған.

Мамандардың пікірінше, инвестицияның көбеюі туристік нысандардың санын арттырып, өңірлердегі инфрақұрылымды жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61