ҚОҒАМ
Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында екі резервуар өртеніп, 120 тонна мұнай өнімі отқа оранды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Қызылорда қаласындағы Шоқай көшесінде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өрт болды. Төтенше жағдай 7 қыркүйекте тіркелген.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар ашық жалынға оранған. Өрттің жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі болған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де қызметтердің күштері жіберілді. Өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.
Құтқарушылар жалынның көршілес резервуарларға өтуіне жол бермеу мақсатында жылжымалы лафеттік оқпандарды пайдаланды. Сонымен қатар өртті сөндіру кезінде арнайы көбік қолданылды.
Жұмыстарға қосымша өрт сөндіру пойызы тартылды. Жалын 200 шаршы метр аумақты қамтыған.
Құтқарушылар өртті толық сөндірді. Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың шығу себептері анықталып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61