ҚОҒАМ
Катонқарағай ұлттық паркінде фототұзақ таутекелердің тобын тіркеді. Кадрлардан ересек жануарлармен бірге жас лақтарды да көруге болады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Видеотүсірімнен үзінді
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде таутекелердің бір тобы фототұзақ объективіне ілікті. Бұл туралы ұлттық парк әкімшілігі хабарлады.
Түсірілген кадрларда еркек, ұрғашы таутекелер және жас лақтар бейнеленген. Жануарлардың жынысын сыртқы белгілеріне қарап ажыратуға болады. Еркек таутекелердің мүйізі ірі әрі көлемді болса, ұрғашыларында мүйіздері салыстырмалы түрде шағындау келеді.
Жануарлардың төлдегеннен кейінгі мінез-құлқы да қызығушылық тудырады. Ересек әрі кәрі еркектер көбіне табыннан бөлініп, жеке жүреді. Ал жас еркектер ұрғашылар мен төлдерге жақын маңда қалуы мүмкін.
Сондықтан фототұзаққа кейде ересек жануарлар мен жас төлдер бірге жүрген сәттер де түсіп қалады. Мұндай бақылаулар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін зерттеуге мүмкіндік береді.
Катонқарағай ұлттық паркі — Қазақстандағы биоалуантүрлілігі жоғары табиғи аумақтардың бірі. Мұнда таулы аймақтарға тән көптеген жабайы жануарлар мекендейді. Фототұзақтар олардың санын бақылап, жүріс-тұрысы мен мекен ету ерекшеліктерін зерттеу үшін қолданылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61