САЯСАТ

Трамп Айды АҚШ-қа тиесілі деп мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 қыркүйекте Truth Social желісінде АҚШ туы бейнеленген Айдың суретін жариялады. Жазбада «The Moon is ours» («Ай біздікі») деген сөз тіркесі жазылған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Айға қатысты жазба жариялады. Суретте АҚШ туы бейнеленіп, оның астына «The Moon is ours» — «Ай біздікі» деген жазу орналастырылған.

Бұл мәлімдеме Трамптың географиялық нысандардың атауларын өзгертуге қатысты бұған дейінгі бастамаларымен тұспа-тұс келді. Алайда халықаралық құқық нормалары бойынша жекелеген мемлекеттердің Айды немесе басқа аспан денелерін өз аумағына қосуына жол берілмейді.

1967 жылғы Ғарыш туралы келісімнің 2-бабында Ай мен басқа да аспан денелері мемлекеттердің ұлттық иелігіне жатпайтыны нақты көрсетілген. Құжатқа сәйкес, ғарыш нысандарын басып алу, меншіктеу немесе өзге де тәсілдер арқылы иемденуге тыйым салынады.

Сонымен қатар 1979 жылы қабылданған Ай туралы келісімде Ай мен оның табиғи ресурстары адамзаттың ортақ мұрасы ретінде белгіленген. Құжатта Айды немесе оның ресурстарын қандай да бір мемлекеттің меншігіне айналдыруға жол берілмейтіні жазылған.

АҚШ 1967 жылғы Ғарыш туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің бірі. Алайда Вашингтон 1979 жылғы Ай туралы келісімге қосылған жоқ.

Халықаралық құқықтағы бұл нормалар ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін жекелеген мемлекеттердің аумақтық иелігіне айналдырмауға бағытталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61