ҚОҒАМ

Атыраудағы ауа сапасына қатысты тексеру басталды

Атырау қаласында ауа сапасының төмендеуіне байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Атырауда тұрғындардың ауа сапасына қатысты шағымдарынан кейін тиісті тексеру жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта қаладағы жағдай зерттеліп, ауа сапасына қатысты тиісті бақылау шаралары жүргізілуде.

Тексеру нәтижелері анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Соңғы күндері Атырау тұрғындары қала ауасында жағымсыз иіс пайда болғанын айтып, әлеуметтік желілерде алаңдаушылық білдірді. Кей тұрғындар тыныс алудың қиындағанын айтып, жағдайға байланысты жауапты органдардан түсініктеме беруді сұраған.

Өткен тәулікте қаладағы жағдайдың күшейгені байқалып, тұрғындар қою қара тұманға ұқсас құбылысты видеоға түсіріп, желіде жариялаған.

Қазір ауа сапасына қатысты тексеру қорытындысы күтіліп отыр. Министрлік оның нәтижесіне қарай заң аясында қажетті шешімдер қабылданатынын атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61