САЯСАТ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды,деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ақорда
Эльдар Толғанбаев жаңа қызметінде ішкі саясат пен коммуникациялар бағытына қатысты мәселелермен айналысады.
Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев 1981 жылы туған. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Д. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған. Еңбек жолын мәслихат аппараты мен Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінде бастаған.
Әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Премьер-Министр Кеңсесінде, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, Парламент Мәжілісінде, Президент Әкімшілігінде және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде түрлі қызметтер атқарған.
2023 жылы Эльдар Толғанбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Кейін Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Жаңа тағайындау Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар бағыты бойынша жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61