ҚОҒАМ

Ақмола облысында екі ауданда табиғи өрт тіркелді

Ақмола облысының екі ауданында табиғи өрт шықты. Өртті сөндіруге құтқарушылар мен жергілікті қызметтер жұмылдырылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Ақмола облысының Буланды және басқа да аудандарында табиғи өрт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Буланды ауданындағы 26-разъезд станциясы маңында орман төсеніштері тұтанған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 5 гектарды құрайды.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы және «Ауыл құтқарушылары» бөлімшелерінен 100 адам мен 21 техника тартылды.

Тілсіз жаумен күреске авиация да қосылды. «Қазавиаспас» АҚ-ның ТЖМ тікұшағы 6 рет су төгіп, 18 тонна су шашты. Ал «Қазавиалесохрана» тікұшағы 22 рет су төгіп, 13 тонна су қолданды.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланған. Мамандар оның толық сөндірілуін қамтамасыз ету үшін жұмысты жалғастырып жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға орманды және дала аумақтарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, отты абайлап қолдануға шақырады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61