ҚОҒАМ

Хиджабқа рұқсат берген мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін

Қазақстанда мектеп формасы талаптарын бұзған жекеменшік мектептерге қатаң шара қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:Ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептердегі мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуына қатысты түсініктеме берді.

Министрдің айтуынша, еліміздегі барлық білім беру ұйымдары үшін мектеп формасына қатысты бірыңғай талаптар белгіленген. Бұл ережелер жекеменшік мектептерге де міндетті түрде қолданылады.

Өткен оқу жылында талаптарды бұзған, соның ішінде оқушыларға хиджаб киюге рұқсат берген жекеменшік мектептер анықталған. Бұл мәселеге қатысты жұмыстарға Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жергілікті атқарушы органдар да қатысқан.

Ал 2026–2027 оқу жылының басында мұндай талап бұзушылыққа жол берген мектептер анықталмаған.

Журналистердің сұрағына жауап берген Жұлдыз Сүлейменова мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамаған білім беру ұйымдарына лицензиялық шаралар қолданылуы мүмкін екенін айтты.

Министр лицензияны қайтарып алу тетігі қарастырылып жатқанын атап өтті. Бұдан бөлек, заңнама аясында өзге де шаралар қолдану мүмкіндігі қаралады.

Ведомство өкілдері мектеп формасына қатысты белгіленген талаптардың барлық білім беру ұйымдарында бірдей орындалуы қажет екенін атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61