ТЕХНОЛОГИЯ
Apple жаңа iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарын таныстырды. Компания презентация барысында алғашқы жиналмалы iPhone моделін де көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Apple
Apple компаниясы жаңа iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарын көпшілік назарына ұсынды. Жаңа құрылғылардың негізгі жаңартулары камера, өнімділік және батареяның жұмыс уақытына қатысты.
Екі модель де 48 мегапиксельді Fusion камерасымен жабдықталған. Оның басты ерекшелігі — айнымалы диафрагманың iPhone желісінде алғаш рет қолданылуы. Смартфондар жаңа A20 Pro чипімен жұмыс істейді. Сонымен қатар құрылғылардың салқындату жүйесі жетілдіріліп, Dynamic Island көлемі кішірейтілген. Батареяның автономды жұмыс уақыты да артқан.
iPhone 18 Pro төрт түрлі түсте ұсынылады. 256 ГБ жады бар базалық Pro нұсқасының бағасы АҚШ-та 1199 доллардан басталады. Ал iPhone 18 Pro Max құны — 1299 доллар. Бұл өткен жылғы модельдермен салыстырғанда шамамен 100 долларға қымбат.
Жаңа смартфондарға алдын ала тапсырыс 12 қыркүйекте қабылдана бастайды. Ресми сатылым 18 қыркүйекте іске қосылады.
Презентация кезінде компанияның жаңа бас директоры Джон Тернус та алғаш рет ірі өнім таныстырылымына шықты. Ол Тим Куктің орнын басқаннан кейін Apple-дің алғашқы жиналмалы смартфоны — iPhone Duo моделін таныстырды.
Компания өкілдері Duo-ны Apple тарихындағы ең үлкен әрі ең қымбат iPhone ретінде сипаттады. Құрылғының АҚШ-тағы бағасы конфигурациясына қарай 1999 доллардан 3199 долларға дейін жетеді.
Жиналмалы смартфон нарығына шығу Apple үшін маңызды қадамдардың бірі саналады. iPhone Duo компанияның премиум құрылғылар қатарын кеңейтіп, жиналмалы гаджеттер сегментіндегі бәсекені күшейтуі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61