ҚОҒАМ

Алматыда 2027 жылдан бастап пиротехника қолдануға шектеу енгізіледі

Алматының төмен шығарындылар аймағында 2027 жылғы қаңтардан бастап петарда, отшашу және өзге де азаматтық пиротехниканы пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Reuters

Алматыда ауа сапасын жақсартуға бағытталған жаңа экологиялық шектеу енгізіледі. 2027 жылғы 8 қаңтардан бастап қаланың төмен шығарындылар аймағында (LEZ) азаматтық пиротехниканы қолдануға тыйым салу жоспарланып отыр.

Шектеу петарда, отшашу, салют және пиротехниканың басқа да түрлерін пайдалануға қатысты болады.

Дегенмен жаңа талап бірден Алматының барлық аумағына таралмайды. Тыйым тек төмен шығарындылар аймағының нақты шекарасы әкімдік қаулысымен бекітілгеннен кейін сол аумақта қолданыла бастайды.

LEZ енгізудің негізгі мақсаты – қаладағы қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтып, ауа сапасын жақсарту. Пиротехниканы шектеу де осы экологиялық шаралардың бір бөлігі болмақ.

Төмен шығарындылар аймағы – қоршаған ортаға зиянды заттардың таралуын азайту үшін белгілі бір аумақта көлік пен басқа да ластаушы көздерге қосымша талаптар енгізуге мүмкіндік беретін механизм.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61